Жүзуден Беларусь ашық чемпионаты: бүгін үш қазақстандық бақ сынайды
Беларусьте жүзуден ашық чемпионаты жалғасып жатыр. Olympic.kz жарыстың екінші күнінде жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін, 22 сәуір аталған біріншіліктің екінші жарыс күні өтеді. Әйелдер және ерлер арасында еркін стиль бойынша жүлделер сарапқа салынады.
Ерлер арасырда 50 м қашықтықты бағындыруға Әділ Қасқабай мен Александр Варакин шығады. Ал 400 м қашықтықты Ғалымжан Балабек бақ сынайды.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы жарысты екі қола жүлдемен сәтті бастады. Аталған турнир 24 сәуірге дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или