Олимпиаданың лицензиялық турниріне қатысатын таеквондошылар анықталды
Таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ю Енг Джин Иорданияда өтетін соңғы лицензиялық турнирде бақ сынайтын спортшылардың есімін атады.
<span>21-23 мамыр күндері өтетін Токио Олимпиадасына іріктеу турниріне Қазақстан атынан 49 келіде Фариза Алдоңғарова, 67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жансель Дениз, ерлер арасында 80 келіден жоғары салмақта Руслан Жапаров, ал 68 келіге дейінгі салмақта Қайрат Сарымсақов қатысады.</span>
<span>Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы Алматы қаласында кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алдағы уақытта Ташкентте бірлескен жаттығу жиынынына аттанады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или