Көркем гимнастикадан әлем кубогы: Топтық жаттығу нәтижелері
Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі жалғасып жатыр. Бүгін топтық жаттығудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды.
Үш шығыршық және екі ұршықпен жаттығуда финалға жолдама алған Қазақстан командасы 27.60 ұпай жинап, жарысты 8-ші орынмен аяқтады. Бұл бәсекеде Беларусь командасы топ жарса, Өзбекстан күміс, Израиль қола жүлдегер атанды.
Бес доппен жаттығуда қазақстандықтар 25.45 ұпаймен тағы да 8-ші орыннан көрінді. Аталған сында Өзбекстан, Беларусь, Израиль командалары үздік үштікке енген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или