Таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

16-19 сәуір аралығында Атырау қаласында GTF таеквон-додан жастар мен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Чемпионат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Атырау» спорт кешенінде көрерменсіз, барлық санитария талабын қатаң сақтай отырып өткізіледі.

GTF таеквон-доның (Global Taekwon-do Federation) негізін 1990 жылы Пак Джунтхэ қалаған. GTF бұл спорт түрінің ішінде танымалдығы жағынан WTF жəне кейінгі ITF-тен кейінгі үшінші орында. Өткен жылғы мəлімет бойынша GTF таеквон-до федерациясына 27 мемлекеттің ұйымы тіркелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или