Грек-рим күресі

Сұлтан Әсетұлы: Жанкүйер үмітін ақтағаныма қуаныштымын

Сұлтан Әсетұлы: Жанкүйер үмітін ақтағаныма қуаныштымын
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атанды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бұл жеңістің орны ерекше екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өте қуаныштымын. Өйткені, Азия чемпионатында абыроймен сынға түсу үшін қаншама жаттығу жасадық, тынымсыз дайындалдық. Соның бәрі еш кетпей, еңбегімнің жанғанына ризамын. Оның үстіне, өз жерімізде өткен жарыста жанкүйер сенімін ақтап, алтын медаль алу үлкен бақыт. Қазақ елінің, қазақ жанкүйерлерінің үмітін ақтағаныма қуаныштымын.

Бірінші белдесуде Тайпей спортшысымен жолықтым. Ол кездесу әлдеқайда оңайырақ болды. Ал финал расымен қиынға соқты. Қарсыласым физикалық тұрғыда өте мықты екен. Белдесу барысында өзім де қателіктер жіберіп алдым. Алдағы уақытта сол қателерді түзетуге тырысамын. Үш белдесудің үшеуін де мерзімінен бұрын аяқтадым. Өте керемет сезімді бастан кешіп тұрмын", - дейді Сұлтан.

Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Алматыдағы Азия чемпионаты: Бірінші күн қоржынға үш медаль түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер