ESL Pro League Season 13: «Heroic» жартылай финалда «FURIA Esports» командасын жеңді
Даниялық «Heroic» CS:GO командасы ESL Pro League Season 13 турнирінің жартылай финалында «FURIA Esports» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 2:0 есебімен аяқталды (Mirage -16:11 және Dust II - 16:10). Каспер «cadiaN» Меллердің командасы гранд-финалға жолдама алды.
Ал ақтық сынға шыға алмаған бразилиялық «FURIA» бұл жарыста сыйақыға 45 мың АҚШ долларын алды.
Айта кетейік, ESL Pro League Season 13 турнирі 8 наурыздан 11 сәуірге дейін онлайн режимінде өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 750 мың АҚШ доллары.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или