Динара Сәдуақасова беделді турнирді жалғастырмайды. Оған интернет кінәлі

Динара Сәдуақасова беделді турнирді жалғастырмайды. Оған интернет кінәлі

Шахматшы Динара Сәдуақасова интернеті нашар болуына байланысты Polgar Challenge турнирін жалғастырмайтын болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Бұл туралы танымал шахматшы Instagram-парақшасында жазды.

«Құрметті достар, мен интернет тұрақсыздығына байланысты Polgar Challenge турнирін жалғастырмауға мәжбүр екенімді өкінішпен айтамын. Мен турнирге шахматтан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған 7 партияның бәрінде үнемі интернет дұрыс істемеді.  (...) Әр ойын барысында маған интернет туралы көбірек ойлануға тура келді. Үш провайдердің байланысын пайдаландым, ештеңе көмектеспеді. Тағы да жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан кешірім сұраймын», - деп түсіндірді Сәдуақасова.    

Айта кетейік, Polgar Challenge 11 сәуірде аяқталады.

Фото: @dinara.saduakassova

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или