Мунгия Головкинге қарсы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Мексикалық Хайме Мунгия Forbes басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетіні жайлы айтты.
«Мансабымның қазіргі кезеңінде GGG-ге қарсы жекпе-жек маған өте қажет. Бұл айқас маған көмектеседі. Мансабыма үлкен әсерін тигізеді», – деді боксшы журналист Джош Кацовицке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Хайме Мунгия 7 мамырда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Мунгиямен кездесуде GGG орта салмақтағы IBF титулын қорғайды делінген. Алайда жекпе-жек өткізу мәселесі әлі де шешілген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или