Live
Спорттағы коронавирус
Футзал

Кака: Соңғы матчтарда жас футболшылардың деңгейін байқап көргіміз келеді

Кака: Соңғы матчтарда жас футболшылардың деңгейін байқап көргіміз келеді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Венгрия арасындағы ойынның нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Венгриямен кездесуде Қазақстан құрамасы 6:1 есебімен жеңіп, келесі жылы Нидерландыда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды.

«Мен тапсырма 80-90 пайызға орындалды деп айтар едім, өйткені біз топтағы барлық матчтарда жеңіске жетуіміз керек. Еуропа чемпионатына шықтық. Ойыншылар тәртіпке бағынып, барлық ойында барын салды. Осы төрт жеңіске лайықты өнер көрсетті. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алға жылжу керек, әлі де деңгейімізді өсіру керек. Дұрыс таңдалған тактикамыз қарсыласқа өз ойынын көрсетуге мүмкіндік бермеді. Тек жеңіс үшін ойнаймыз, құрамда өзгерістер болады, басқа ойыншыларға мүмкіндік береміз. Соңғы матчтарда жаңа футболшылардың шамасын байқап көргіміз келеді», - деді Кака.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

«Бүгін VIP көрермен болдым». Игита Венгрия - Қазақстан матчы туралы айтты

Фото: ҚФФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0