Қазақстандық гимнастар Ташкенттегі әлем кубогы кезеңіне қатысады
16-18 сәуір күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұзақ үзілістен кейінгі бәсекеге қазақстандық гимнастар да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.
Жекелей сында Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова бақ сынайды.
Ал топтық жаттығуда Дария Шарафиденова, Жанерке Дәулетқұлова, Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Даяна Шаяхметова мен Алина Чернышевалар сынға түседі.
Айта кетелік, бұған дейін Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова Болгариядағы халықаралық сынға қатысқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или