Баландин Ресей ашық чемпионатының жартылай финалына шықты

Баландин Ресей ашық чемпионатының жартылай финалына шықты

Бұл күндері Ресейдің Қазан қаласында жүзуден Ресей чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин аталған біріншілікте 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша жартылай финалға шықты.

Баландин тиісті қашықтықты 27,62 секундта бағындырып, бсінші орыннан көрінді. Нәтижесінде, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

  Айта кетерлігі, бүгін ерлер арасында 50 м брасс әдісімен жүзуден жартылай финал және финалдық сын өтеді. Жартылай финалдық бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де, ал финал 22:36-ға жоспарланған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или