Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей біріншілігінде бақ сынайды
<span>Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҰОК ресми сайты.</span>
<span>Татарстан астанасы Қазанда 3-9 сәуірде жүзуден Ресей біріншілігі өтеді. Аталған бәсекеге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ Александр Варакин, Аделаида Пчелинцева, Әділ Қасқабай және Әділбек Мусин Қазақстан сапынан қатысады. </span>
<span>Қазіргі Ресей чемпионаты FINA-мен Токиодағы Олимпиада ойындарының стандарттарына сай келетін іріктеу жарысы ретінде бекітілген. Жарыстың бірінші күні Аделаида Пчелинцева (50 м брасс әдісімен), Әділ Қасқабай (50 м арқамен жүзу) және Дмитрий Баландин (100 м брасс) бақ сынайды. </span>
<span>Әйелдер арасында 50 метрге брасс және ерлер 50 м арқамен жүзу, сондай-ақ ерлер арасында 100 метр қашықтықтағы жартылай финал мен финалдан тұратыр кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 21: 00-де басталады.</span>