Таеквондодан халықаралық жарыстар кейінге шегерілді
Дүниежүзілік таеквондо Федерациясы (World Taekwondo) жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы барлық халықаралық G1 және G2 таеквондо жарыстарын өткізбеуді шешті.
Бұл шешім жас спортшыларды коронавирустық инфекция қаупінен қорғау және ескерту мақсатында қабылданды, делінген хабарламада. Әлемдегі COVID-19-ға қатысты жағдай әлі де тұрақсыз және халықты жаһандық вакцинациялау үшін уақыт қажет.
Айта кетейік, таеквондодан халықаралық турнирлер наурыз айының басында қайта басталған еді. Алайда келесі жарыстар тек ересектер арасында өткізілетін болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или