Таеквондодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Таеквондодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан қаласында таеквондадан кадеттер (11-13 жас) мен жасөспірімдер (14-15жас) арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бәсеке екі дисциплина (массоги, хъенги) бойынша өтті.

Еліміздің 14 облысы мен үш қаласынан келген 400-ден астам спортшы өзара мықтыны анықтады. Чемпионат жүлдегерлері шілде айында Болгария астанасы Софияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеледі.

Жастар (16-17 жас) мен ересектер арасындағы келесі ел чемпионат сәуір айында Атырау қаласында өтеді.

Жалпыкомандалық есепте жүлделі орынға келесі командалар ие болды:

1 орын – Ақтөбе облысы;<br />2 орын – Павлодар облысы;<br />3 орын – Батыс Қазақстан мен Атырау облысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или