«Лицензиядан үмітіміз бар». Каратэден Қазақстан құрамасының бапкері жоспарын бөлісті

«Лицензиядан үмітіміз бар». Каратэден Қазақстан құрамасының бапкері жоспарын бөлісті

Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері Асқар Молдағали Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, спортшылардың алдағы жоспарларымен бөлісті. 

<span>«Қазақстан командасы кеше АІВА олимпиадалық орталығындағы жаттығу жиынын аяқтады. Аздаған үзілістен соң дайындық қайта басталады. Келесі жиын 11 сәуірге жоспарланған. Сол жиыннан соң Португалияға аттанамыз. Аталған мемлекетте Олимпиада ойындарының алдындағы соңғы рейтингілік турнир өтеді.  </span>

<span>4 мамырда елге оралып, жаттығу жиынын қайта жалғастыру жоспарда бар. Лицензияға тоқталар болсам, екі спортшыдан үміт күтіп отырмыз. Данияр Юлдашев пен Софья Берульцева Токио ойындарына қатысады деген ойдамыз.  </span>

<span>Жақында ғана бір жылдық үзілістен соң Стамбулдағы Премьер-лига турниріне қатыстық. Берульцева алтын, Юлдашев күміс жүлдегер атанғанын білесіздер. Өкінішке қарай, қола медальға таласқан екі спортшымыз ұтылып қалды. Ұзақ үзілісті ескерсек, команданың бұл жетістігі жаман емес. Медаль саны жөнінен жарысқа қатысқан 61 мемлекеттің ішінен жетінші орынға табан тіредік.  </span>

<span>Команда үздігі Дархан Асаділов жеке жоспар бойынша жаттығуда. Ол Португалиядағы турнирде бақ сынайды», - дейді бас бапкер. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или