Стенд атудан Қазақстан құрамасы Әлем кубогында екі медаль еншіледі
<span>Стенд атудан Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар тағы екі жүлде жеңіп алды. Бұл жолы команда мүшелері "trap" жаттығуынан үздік үштікке енді, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Әйелдер арасындағы командалық сында Мария Дмитриенко, Сәрсенкүл Рысбекова және Айжан Досмағамбетова үштігі күміс жүлдегер атанды. Олар финалда Үндістан командасына есе жіберді. </span>
<span>Ерлер арасындағы командалық бәсекеде Виктор Хасянов, Андрей Могилевский және Максим Коломоец қола жүлдеге қол жеткізді. Олар үшінші орын үшін таласта Катар құрамасынан басым түскен.</span>
<span>Алтын медальді Үндістан, күмісті Словакия командасы еншіледі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или