Қазақстан параспортшылары жеңіл атлетикадан әлем турнирінде 9 медаль жеңіп алды
Тунисте пара жеңіл атлетикадан Әлемдік Гран При 2021 аяқталды. Жарысқа 59 елден 479 атлет қатысты.
Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 12 спортшы қатысып, 9 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар.
Алтын алғандар: Мансурбаев Равиль – ядро лақтыру, Мұқашбеков Дастан – диск лақтыру, Жоламан Еламан – найза лақтыру, Әбілқасымқызы Салтанат –100 метр қашықтыққа жүгіру.
Күміс: Мұқашбеков Дастан – диск лақтыру, Залезняк Иван – диск лақтыру, Мансурбаев Равиль – диск лақтыру.
Қола: Жоламан Еламан – диск лақтыру, Лукутин Алексей – ядро лақтыру.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или