Стенд атудан Қазақстан командасы аралас сында күміс медаль алды

Стенд атудан Қазақстан командасы аралас сында күміс медаль алды

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде стенд атудан Қазақстан командасы аралас сында күміске қол жеткізді. 

"Аралас скит" жаттығуы бойынша Ольга Панарина мен Александр Ещенко ел намысын қорғаған болатын.

Олар шешуші кезеңде Үндістан командасына 29:33 есебімен жол берді. Қола медальді Үндістанның екінші құрамы иеленген. 

Айта кетелік, кеше Қазақстан әйелдер құрамасы командалық "скиттен" алтын, ерлер командасы қола жүлдегер атанған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или