Гандболдан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды
Венгрияның Дьор қаласында гандболдан әйелдер командасы арасында Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі мәресіне жетті.
Бұл сында Қазақстан командасы екінші топта өнер көрсетіп, барлық матчтарда жеңіліс тапты.
Алдымен қазақстандықтар Венгрия құрамасынан 19:46 есебімен жеңілсе, кейін Рио Олимпиадасының чемпиондары Ресей командасына 26:33 есебімен жол берді.
Топтағы үшінші кездесуде қазақстандықтар Сербиядан 30:42 есебімен ұтылды.
Осылайша, алты ұпай жинаған ресейліктер Олимпиадаға жолдама алды. Венгрия 4 ұпаймен екінші, Сербия 2 ұпаймен үшінші орында.
Өкінішке қарай, қазақстандықтар бірде бір ұпай иеленген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или