Стенд атудан ерлер құрамасы әлем кубогі кезеңінде үшінші болды

 Стенд атудан ерлер құрамасы әлем кубогі кезеңінде үшінші болды

Қазақстан ерлер командасы Нью-Делидегі нысана көздеуден әлем кубогі кезеңінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Отандық спортшылар «скит» санаты бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Давид Почивалов, Эдуард Ещенко және Александр Мухамедиевтен құралған ерлер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды.

Аталған санат бойынша бірінші орын Үндістан құрамасы иеленді. Катар спортшылары екінші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, Қазақстан әйелдер құрамасы осы санат бойынша жеңімпаз атанса, ал Зоя Кравченко жекелей сында күміс медальна ие болған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или