Шахматтан Қазақстан чемпионаты онлайн режимде өтеді

Шахматтан Қазақстан чемпионаты онлайн режимде өтеді

24-26 наурыз аралығында жастар және қыздар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы чемпионатта 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жас категориялары бойынша үздіктер анықталады. Еліміз тарихында алғаш рет турнир онлайн режимінде өтеді.

Жарыс Lichess.org ойын платформасында ZOOM қатысушыларының мониторингімен өтеді. Уақытты бақылау әр жасалған қадам үшін 15 минут+10 секунд. Турнирдің таза өтуі үшін арнайы «алаяқтыққа» қарсы бағдарламалар қолданылады.

Чемпионаттың тікелей трансляциясы Қазақстан шахмат федерациясының Youtube арнасында көрсетіледі. Танымал халықаралық гроссмейстер Муртас Қажгалеев комментатор болады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушылары үшін де ақшалай сыйақы тағайындалған. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңге.

Айта кетейік, жарысты Қазақстан шахмат федерациясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бірге ұйымдастырып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или