Серфингші жаттығу кезінде найзағай тиіп қайтыс болды
Сальвадорда 22 жастағы серфингші Кэтрин Диас қаза тапты. Оған жаттығу кезінде найзағай тиген, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Қайғылы оқиға жұмада жергілікті Эль-Тунко жағажайында болған. AS мәліметінше, спортшы сол кезде суда болған. Жедел жәрдем жеткенімен, серфингші ол кезде қайтыс болған. Сальвадор серфинг федерациясының хабарына қарағанда, «ол кезде аспан ашық болып, аяқ астынан жауын басталған».
Кэтрин федерация президенті Хосе Диастың қызы.<span> </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или