Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

Таеквондодан Қазақстан Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы Батырбек Естаулетов шағын сұхбат беріп, алда өтетін лицензиялық турнирге дайындықтары және жоспарлары туралы айтты.

– Батырбек Жоламанұлы, биылғы мамыр айында Иорданияның Амман қаласында өтетін Азиялық іріктеу турниріне дайындықтарыңыз қалай жүріп жатыр?

– Дайындығымыз жақсы. Ойдағыдай өтіп жатыр. Спортшыларымыздың жағдайы жақсы. Биылдан бастап, тұрақты дайындалып келеді. Амандық болса, 18 наурыз күні Біріккен Араб әмірлігінің Шарджа қаласында оқу-жаттығу жиынына жол жүреміз. Ол жерде екі аптадай боламыз. Одан келгесін Алматыда тағы да оқу-жаттығу жиынымыз болады. Испаниядағы рейтингілік G турниріне де қатысатын ойымыз бар. Пандемия жағдайына байланысты әзірге көп нәрселер анық емес. Бірақ үміттіміз. Жалпы алға қойған жоспарларымыз орындалып келе жатыр.

– Амманға баратын спортшылардың есімі анықталды ма? Осы сайысқа маңғыстаулық Қайрат Сарымсақов қатысуы мүмкін бе?

– Ия, Қайрат қатысады. Бұйырса, мамыр айында өтетін лицензиялық турниріне төрт спортшымыз қатысады. Олар: 67 кг-да Қайрат Сарымсақов (Маңғыстау облысы), +80 кг жоғары Руслан Жапаров (Жамбыл облысы), 49 кг-да Фариза Алдоңғарова (Алматы қаласы), 67 кг жоғары Жансель Дениз (Атырау облысы) барады.

– Лицензиялық турнирде басты қарсыласымыз кімдер болады?

– Вьетнам, Иран, Тайланд елдерінің спортшылары – басты қарсыластарымыз.

– Ендеше, жортқанда жолдарыңыз болсын! Жеңіспен келгейсіздер!

Сұхбаттасқан Айбек Мұханов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или