Молдағали: Бір жылғы үзілісті ескерсек, команданың нәтижесі өте жоғары

Молдағали: Бір жылғы үзілісті ескерсек, команданың нәтижесі өте жоғары

Каратэден Түркияның Стамбул қаласында өткен Премьер-лига турнирінде Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды.

Софья Берульцева әйелдер арасындағы ауыр салмақта чемпион атанса, Данияр Юлдашев 84 келіде күміс медаль иеленді. Команда бас бапкері Асқар Молдағали спортшылардың ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жарысын қорытындылады. 

- Пандемияға байланысты бір жылдан аса уақыт бойы жарыстар ұйымдастырылған жоқ. Ал кеше Стамбулда өткен турнир рейтингілік бәсекелер қатарына жатпаса да, спортшылар үшін аса маңызды саналады. Бұл команданың қазіргі әлеуетін, спортшылардың деңгейін бағалауға берілген үлкен мүмкіндік еді.

Енді әрі қарайғы жаттығу жиыны қалай өтетінін саралайтын боламыз. Бір жыл бойы команданың мүлде жарысқа қатыспағанын ескерсек, Түркиядағы көрсеткішті өте жақсы деп бағалаймын. Біздің ұстазымыз Жасталап ағаның жаттығу жүйесі өзінің өміршең екенін тағы да көрсетті, - дейді бас бапкер. 

Айта кетелік, Асқар Молдағали биылдан бастап команда бас бапкері болып тағайындалды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или