Футзал

«Нұр-Сұлтан» ел чемпионатында «Оқжетпесті» жеңді

«Нұр-Сұлтан» ел чемпионатында «Оқжетпесті» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 32-туры аясында «Оқжетпес» пен «Нұр-Сұлтан» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 6:3 есебімен елордалық команда жеңіске жетті.

«Нұр-Сұлтан» сапынан Кекелия дубль, Карбаев хет-трик және Киселев бір гол соқты. Ал «Оқжетпес» сапынан Зинченко, Сейфулин және Демешов мергендік танытты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта алматылық «Қайрат» ел біріншілігінің турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Олардың еншісінде 79 ұпай бар. Одан кейін «Ақтөбе» мен «Атырау» жайғасқан. Ал «Нұр-Сұлтан» бесінші, «Оқжетпес» соңғы, тоғызыншы орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер