Таеквондодан Қазақстан чемпионатында шымкенттік спортшылар көш бастады

Таеквондодан Қазақстан чемпионатында шымкенттік спортшылар көш бастады

<span>Талдықорғанда таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Үш күнге созылған дода қорытындысы бойынша Шымкент командасы көш бастады.  </span>

<span>Шымкенттік таеквондошылар ел біріншілігінен 4 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль иеленген.  Екінші орынға 3 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленген Алматы қаласы орналасты. </span>

<span> Үшінші орынға 2 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен Алматы облысының спортшылары жайғасқан.  Алғашқы бестікке Қызылорда және Ақтөбе облысы да енген. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или