Каратэден Қазақстан командасына бас бапкер тағайындалды
2020 жылдың 31 желтоқсанында ҚР каратэ Федерациясының вице-президенті, ұлттық команда бас бапкері Жасталап Санауов өмірден өтті. Осыған байланысты Қазақстан каратэ федерациясының басшылық құрамында кадрлық өзгерістер орын алды.
ҚР Спорт және мәдениет Министрлігі және спорт Комитетінің бұйрығымен бұл қызметке Асқар Молдағали тағайындалды.
Асқар Молдағали спортшы ретінде халықаралық және республикалық жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген, әлемдік деңгейдегі бапкер әрі төреші саналады. 2020 жылы ол Токио Олимпиадасында төрелік жасайтын қазылар тізіміне енген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или