Қазақстандық таеквондошылар Болгарияда сынға түседі
Таеквондодан Қазақстан командасының екі мүшесі Болгарияда өтетін халықаралық турнирге қатысады.
6-7 наурыз күндері Болгария астанасы Софияда таеквондодан G1 санатындағы рейтингілік турнир өтеді.
Аталған бәсекеге Қазақстан сапынан Фариза Алдоңғарова мен Руслан Жапаров қатыспақшы. Бүгінде спортшылар жарысты қабылдайтын мемлекетке ұшып кетті.
Айта кетелік, бұл таеквондошылардың ұзақ үзілістен кейін қатысатын алғашқы бәсекесі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или