Қос азаматығы бар спорт шенеунігі қызметінен қуылды
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Олег Почивалов қызметінен босатылды, деп жазады Prosports.kz.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімінің көшірмесін құқық қорғаушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (NCPC) Айгүл Орынбек жариялады.
Айта кетейік, 2020 жылы желтоқсан айының ортасында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында шымкенттік шенеунік Олег Почиваловтың Ресей елінің азаматы екені туралы ақпарат тарап, тіпті кейбір құжатының көшірмесі жария етілді.
Онда Олег Почиваловтың тұрғылықты жері Мәскеу екені, ал «азаматтық» бағанында «Ресей Федерациясы» деп жазылғанын көруге болады. Алайда спорт басқармасының өкілі бұл ақпаратты теріске шығарған болатын.
Бірақ биыл ақпан айында Почиваловтың қос азаматтығы бар екені расталып, 3 ақпанда Шымкент полиция бөлімі оны 2021 жылдың 20 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылғандығы туралы хабарлады.
<h4>Өзге елдің азаматы. Спорт шенеунігі Қазақстан азаматтығынан айырылды</h4>