«Астанада» кезекті былық. Соңғы трансферлер қамқоршылық кеңесімен келісілмеген

«Астанада» кезекті былық. Соңғы трансферлер қамқоршылық кеңесімен келісілмеген
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы тағы бір проблемаға тап болды. Семир Смаилагич, Вараздат Ароян және Александр Заруцкийдің трансферлері жарияланғанымен, іс жүзінде футболшылар команда қатарына қосылмаулары да мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Себебі, бұл ойыншылармен келісімшарт жасау клубтың қамқоршылар кеңесімен келісілмеген. Егер ойыншыға елеулі жалақы тағайындалса, мұндай рәсім міндетті болып табылады.

Нәтижесінде президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры (ол таратылған сияқты) Асқар Баталов ФК басшылығына мұндай трансферлерді мерзімінен бұрын жарияламақ түгілі, қол қоймауға кеңес берді. Себебі қамқоршылар кеңесінің мақұлдауынсыз ақпарат таратуға болмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер