Таеквондодан 2021 жылғы әлем біріншілігі қашан өтеді
Халықаралық таеквондо федерациясы (World Taekwondo) 2021 жылғы маусымға оралу мақсатында кезекті рет видеоконференция өткізді.
Атап айтар болсақ, онлайн жиында алдағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары мен әлем чемпионатына дайындық барысы талқыланды.
Бүкіләлемдік федерация Еуропа мен Азиядағы спортшылар үшін Токио Олимпиадасына іріктеу турнирін мамыр айына дейін өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, кездесу барысында әлем чемпионаты өтетін мерзім анықталды. Таеквондодан биылғы әлем чемпионаты 12-18 қазан күндері Қытайдың Уси қаласында өтеді.
WT кеңесінің отырысы 10 қазанға, Бас Ассамблея мен әлем біріншілігінің ашылуы 11 қазанға жоспарланған.
2021 жылғы маусымда таеквондодан жалпы есебі 72 турнир өткізу көзделуде.