Токио Олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

Токио Олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

«Токио-2020» ұйымдастыру комитеті Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарын жанкүйерсіз өткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы баспасөз жиынында ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори мәлімдеді. 

<span> «Біз ойынды жанкүйерсіз өткізгіміз келмейді. Алайда, бұл нұсқаны да ойластырмасақ болмайды», - деді ол. </span>

<span> Айта кетелік, бүгінге дейін Олимпиада ойындарын өткізудің түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Бұған әлемдегі коронавирусқа байланысты жағдай әсер етуде.  </span>

<span>Ал ХОК президенті Томас Бах ғаламдық індетке қарамастан, Токио Олимпиадасы мерзімінде өтетінін айтты.  </span>

<span>Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына жоспарланған. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или