Қазіргі бессайыстан әлем чемпионатын қабылдайтын қала анықталды

Қазіргі бессайыстан әлем чемпионатын қабылдайтын қала анықталды

<span>Қазіргі бессайыстан 2021 жылғы әлем чемпионаты Египет астанасы Каирде өтеді. Бұл туралы Халықаралық қазіргі бессайыс одағының (UIPM) баспасөз қызметі хабарлады.  </span>

<span>Алғашында әлемдік дода Беларусьтің Минск қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда, UIPM атқарушы комитеті Минскіде әлемдік доданы өткізуден бас тартты. </span>

<span> Халықаралық одақ шешімі бойынша, қазіргі бессайыстан биылғы әлем біріншілігін Египеттің Каир қаласы қабылдайтын болды.  Әлемдік дода 7-13 маусым аралығына жоспарланған. </span>

<span> Айта кетелік, бұған дейін Минск қаласы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или