Алматы облысында бұқаралық спортты дамытуға 500 млн.теңге бөлінді
Алматы облысында бұқаралық спортты дамытуға 2021 жылы жергілікті бюджет есебінен 500 миллион теңге бөлінді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев мәлімдеді.
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі көзі – бұл спорттық инфрақұрылымдар желілерін дамыту болып саналады. Қазіргі таңда Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 3702 бірлік спорттық құрылымдар бар.
«Бүгінгі таңда Алматы облысында 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қолданысқа берілді. 2021 жылы облыста 6 нысанның құрылысы жүріп жатыр. «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК), жергілікті бюджет есебінен 2 ДШСК-ні және мемлекеттік жекешелік-әріптестік желісі бойынша 1 нысан бой көтереді»,- дейді Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев .