Су добынан іріктеу турнирі: Қазақстан құрамасы Венгриямен кездеседі
<span>Бүгін Италияның Триест қаласында су добынан әйелдер командасы арасында Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің екінші жарыс күні басталады. </span>
<span>Кезекті жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрама командасы Венгриямен кездеседі. "В" тобындағы құраманың кездесуі елорда уақытымен сағат 19:00-де басталады деп жоспарланған. </span>
<span>Бүгінгі матч халықаралық жүзу федерациясының ресми каналында тікелей эфирде көрсетіледі. </span>
<span>Айта кетерлігі, Қазақстан командасы алғашқы ойында жеңіліп қалды. Аталған матчта қазақстандықтар Греция құрамасынан 5:13 есебімен қарсыласқа жол берді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или