ММА

Морозов қатысатын UFC турнирінің толық карды белгілі болды

Морозов қатысатын UFC турнирінің толық карды белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

20 қаңтарда Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

«Сарбаздар аралында» Сергей Морозов ресейлік Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек UFC on ESPN 20 турнирінің алғашқы кардындағы екінші кездесу болады.

Морозовтың Нурмагомедовке қарсы жекпе-жегі 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-да басталады. Алғашқы кардтың негізгі жекпе-жегінде орта салмақта өнер көрсететін ресейлік Омари Ахмедов англиялық Том Бриспен кездеседі.

Кештің басты кардында Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы Тайсон Нэм UFC туы астындағы бесінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы - америкалық Мэтт Шнель. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақ санатында өтеді.

Ал турнирдің басты жекпе-жегінде компанияның екі ардагері Майкл Кьеза мен Нил Магни кездеседі. Екі тәжірибелі файтердің жекпе-жегі жартылай орта салмақта (77 келі) өтеді.

Айта кетейік, негізгі кард Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Ал ерте карl 20:00-де басталады. Кештің тікелей трансляциясына сілтемелер біздің сайтта қол жетімді болады.

Octagon 15 турнирі 27 қаңтарда Алматыда өтеді

UFC: «Сарбаздар аралындағы» турнирлерге көрермендер кіре алады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер