Шпагадан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі Қазанда өтуі мүмкін

Шпагадан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі Қазанда өтуі мүмкін

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 2021 жылға арналған жарыс кестесін толық жариялаған жоқ. Алайда, әрбір қару түрінен Олимпиадаға іріктеу турнирі әртүрлі қалада өтуі мүмкін деп жазады Olympic.kz.

Қаңтар және ақпан айларында семсерлесу спортының шеберлері үшін қандай да бір жарыс өтпейді. Ал Токио Олимпиадасына шпагадан іріктеу турнирі Ресейдің Қазан, сабляшылар бәсекесі Венгрияның Будапешт қаласында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Шпагадан Олимпиадаға іріктеу турнирі 12-21 наурыз аралығында өтеді. Турнирдің алғашқы үш күнінде спортшылар карантинде болып, кейін жаттығу мен жарысты бастайды.

Ал семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі Оңтүстік Кореяда өтуі мүмкін.

Халықаралық семсерлесу федерациясы 2020 жылғы Токио Олимпиадасы бір жылға шегерілген соң, лицензиялық турнирлердің өту мерзімін ауыстырды.

Олимпиадалық турнирдің форматы өзгермейді. Төртжылдық додасында рапира, сабля мен шпагадан ерлер мен әйелдер арасында 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или