Бокс

Риота Мурата WBA Super чемпионы титулына ие болды

Риота Мурата WBA Super чемпионы титулына ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Бертінге дейін WBA Regular чемпионы болған орта салмақтағы жапониялық Риота Мурата WBA Super дәрежесіне көтеріліп, толық чемпион атанды. WBA басшылығы мұндай шешімді Сауль Альварес орта салмақта жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мурата толыққанды чемпион мәртебесіне жай ғана ие бола салудың біртүрлі екенін айтты, бірақ ол басқа чемпиондармен біріктірілген жекпе-жектеріне қатысуға дайын екенін де атап өтті.

Еске сала кетелік, орта салмақ белбеулеріне Геннадий Головкин, Деметриус Андраде және Джермалл Чарло сынды боксшылар да ие.

«Пандемияға байланысты бәсекеге түсе алмайтын кезде титулға ие болған біртүрлі екен. Бірақ мен бұл жаңалықты тек оңынан қабылдаймын. Бұл атақ маған басқа чемпиондармен біріктірілген кездесу өткізуге мүмкіндік береді», - деп келтіреді Муратаның сөзін BoxingScene сайты.

Фотосурет: boxe-mania.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер