Есдәулетов: Наурыз айында өтетін лицензиялық турнирге дайындаламыз
6 қаңтар күні таеквондодан Қазақстан командасы "Ақ Бұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынын бастады.
Команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов жиынның басты мақсаттарына тоқталып, спортшылар алдындағы міндеттерді айтып өтті.
- Жиын 29 қаңтарға дейін жалғасады. Еліміздегі бірінші нөмірлі спортшылардың барлығы да шақырту алды. Біздің алдымыздағы ең басты міндет - наурыз айында өтетін лицензиялық турнирге дайындалу.
Алдымызда үлкен мақсат тұр. Токио ойындарына жолдама алуымыз қажет. Сол мақсат жолында еңбектенеміз. Одан бөлек, Азия және әлем чемпионаты да бар.
Індетке қатысты әлемдегі жағдай тұрақталатын болса, турнирлердің бәрі өз уақытында өтеді деп ойлаймын, - дейді аға жаттықтырушы.
Таеквондодан лицензиялық турнир 26-27 наурызға жоспарланған.