Токио Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанаты жеңілдетіледі

Токио Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанаты жеңілдетіледі

<span>2020 жылғы Токио Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанаты коронавирус пандемиясына байланысты жеңілдетілген форматта өтеді. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің ресми сайты хабарлады.  </span>

<span>«Ашылу және жабылу салтанаты жанкүйерлер мен спортшылар үшін үлкен мереке болып қала бермек. Алайда, аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін біраз жеңілдетеміз. Бұл COVID-19 індетінің алдын алу шаралары үшін қажет», - делінген хабарламада.  </span>

<span>Салтанатты рәсімдерді ұйымдастыру жаңа шығармашылық топқа тапсырылды. Олар шектеулі уақыт ішінде тез әрі тиімді дайындалуға мүмкіндік алған. Ұйымдастырушы топ алдында салтанатты рәсім кезінде әлемдегі індетпен күресті бейнелеу міндеті де тұр. </span>

<span> Айта кетелік, Токио Олимпиадасына ғаламдық пандемияға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или