Бекзад Нұрдәулетов профи-рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді

Нұр-Сұлтандағы «Көшпенділер шайқасы» бокс кешінің үшінші жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 жастағы қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы және 2020 жылғы Олимпиадаға олимпиадалық лицензияның иегері жартылай ауыр салмақта (79,3 келіге дейін) нигериялық 40 жастағы Кабиру Товолавиді (13-3, 10 КО) жеңді.
Нұр-Сұлтандағы кештің басты жекпе-жегі Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) мен ганалық боксшы Исса Самир (19-0, 16 КО) арасында өтеді. Қазақстандық боксшы WBC, WBO және WBA титулдарын қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или