Тоғызқұмалақ: БҚО құрамасы командалық жарыста ел чемпионы атанды
Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан 20 жасқа дейінгілер арасында командалық ел чемпионаты мәреге жетті.
<span>Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, 7-12 желтоқсан аралығында өткен командалық чемпионатқа еліміздің тоғыз облысынан 60-қа жуық спортшы қатысты. </span>
<span>Олардың ішінде үшеуі – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 41-і спорт шебері болса, 10-ы – бірінші дәрежелі спортшы. Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанды. Павлодарлықтар екінші, қызылордалық тоғызқұмалақ шеберлері үшінші орынға ие болды. </span>
<span>Еске сала кетейік, бұдан бұрын тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы өткенін жазған едік.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или