русский язык
Бокс

Мейірім Нұрсұлтанов Ресейдегі жекпе-жегінде жеңіске жетті

Мейірім Нұрсұлтанов Ресейдегі жекпе-жегінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов Ресейде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

RCC Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткен кеште Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) жергілікті боксшы Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) кездесті. 8 раундқа созылған жекпе-жегінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Осылайша Мейірім Нұрсұлтанов мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Соңғы кездесуін өткен жылы АҚШ-та өткізіп, WBC (USNBC) тұжырымы бойынша Америка чемпионы атанды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;