NAMYS жобасы: Асылжан Бақытжанұлы Талғар ауданының жастарына шеберлік сағатын өткізді

NAMYS жобасы: Асылжан Бақытжанұлы Талғар ауданының жастарына шеберлік сағатын өткізді

Елімізге танымал ММА файтері Асылжан Бақытжанұлы Талғар ауданында Алматы облысының әкімшілігі және UNDERDOG спорт агенттігінің қолдауымен «Намыс» жобасы аясында жергілікті жастармен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жобаның мақсаты — жастарға патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_33a047f76f54f22bf9e43e5beb640d9b.webp" /></picture>

Спортшының жастармен кездесуі үш кезеңге бөлінді: еркін әңгіме, шеберлік сағаты және қолтанба-сессия. Карантинге байланысты 100-ге жуық адам ғана қатыса алды.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_fc1b6bccd67f425562307ffbc29c83d6.webp" /></picture>
«Бүгінгі шеберлік сағаты қатты ұнады. Мықты спортшыны шақырған үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Маған бәрі ұнады», — деді кездесудің қатысушысы.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_c8d3b4cd9b00eb6f07783366643c7f5d.webp" /></picture>

Аталмыш іс-шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және UNDERDOG спорт агенттігі ұйымдастырды.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_e931313e809f5025fac797716bacffd9.webp" /></picture>
<h3 class="feed-title">NAMYS жобасы: Исмағұлов пен Алмабаев Еңбекшіқазақ ауданының жастарымен кездесті</h3>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или