NAMYS жобасы: Исмағұлов пен Алмабаев Еңбекшіқазақ ауданының жастарымен кездесті

NAMYS жобасы: Исмағұлов пен Алмабаев Еңбекшіқазақ ауданының жастарымен кездесті

Елімізге танымал ММА файтерлері Дамир Исмағұлов пен Асу Алмабаев Еңбекшіқазақ ауданында Алматы облысының әкімшілігі және UNDERDOG спорт агенттігінің қолдауымен «Намыс» жобасы аясында жергілікті жастарға шеберлік-сағатын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жобаның мақсаты — жастарға патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_eef5afb8978544020105223cdd131d06.webp" /></picture>

Спортшылардың жастармен кездесуі үш кезеңге бөлінді: еркін әңгіме, шеберлік-сағаты және қолтанба-сессия. Карантинге байланысты 100-ге жуық адам ғана қатыса алды.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_83fb89240eb5300c7da5bfe372f6971c.webp" /></picture>
«Бүгін біз кішігірім шеберлік-сағатын өткізіп, жастармен әңгімелестік. ММА спорт түрінің қыр-сырын түсіндірдік. Мұнда ең алдымен тәртіп және еңбекқорлық маңызды. Әркім өзіне керек нәрсені меңгеріп алды деп ойлаймын», — деді Дамир Исмағұлов.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_0b79eb48b407c12071e593ee4fea1eb0.webp" /></picture>

Аталмыш іс-шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және UNDERDOG спорт агенттігі ұйымдастырды.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/200004_ca4746f1d4c4227bfe7bc8293c4beea0.webp" /></picture>
«Жастарға көңіл бөліп жүрген Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілігіне алғыс айтқым келеді. Осы жастар алдында бізді үлгі тұтып, шақырған үшін көп рахмет. Осы ауданнан көптеген чемпиондар мен мамандардың шығуына тілектеспін. Қазақстанның болашағы осы жастардың қолында», — деді Алмабаев.

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или