Бокс

Тайсон мен Рой Джонс даулы жекпе-жек үшін қанша ақша алды?

Тайсон мен Рой Джонс даулы жекпе-жек үшін қанша ақша алды?
news-banner7
mobile-news-top

Есімдері аңызға айналған америкалық боксшылар Майк Тайсон мен Рой Джонстың 28 қарашада өткен жекпе-жек үшін қанша ақша алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Журналист Джед Гудманның айтуынша, 54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Джонстың әрқайсысы 1 миллион доллардан тапқан - бұл кепілдендірілген гонорар, яғни ақылы эфирден және жарнамалық сатылымнан боксшылардың тағы қанша ақша алғаны белгісіз.

Еске салайық, Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегі арнайы регламентке сәйкес өтті: екі минуттық сегіз раунд. Боксшылар барлық сегіз раундты рингте өткізді. Төрешілер қос боксшы тең түсті деп баға берді. Ал, жеңіс менікі еді деп сенген Тайсон жекпе-жектің соңында рингтен наразы кейіпте кетіп қалды. Осыдан кейін ол жарияланған нәтижемен мүлдем келіспейтіндігін мәлімдеді.

Тайсон мен Джонс кім мықтыны анықтай алмады

Қадыров Рой Джонс - Майк Тайсон арасында реванш-айқас ұйымдастырғысы келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер