«Шахтер» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы

 «Шахтер» - «Жетісу»: қарсыластық тарихы

Футболдан Қазақстан чемпионатының 20-турының «Шахтер» - «Жетісу» матчы қарсаңында Қарағанды және Талдықорған клубтарының өзара қарым-қатынас статистикасын еске түсіреміз.

Алдағы ойын «кеншілер» мен «жетісулықтар» арасындағы қарсыласу тарихындағы 56-шы матчы болмақ. Әзірше «Жетісу» 15 рет жеңіске жетсе, «Шахтер» 28 рет ұтыс тойлаған. Тағы 12 ойын тең аяқталды.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202011/207285_b15700b202ba28267044f066cecd0e62.webp" /></picture>

Алайда, соңғы уақытта талдықорғандықтар өздерінің қарағандылықтардан артта қалуын қарқынды түрде қысқартуда. Дмитрий Огай командасы соңғы үш матчты жеңді, соның ішінде 2020 жылғы маусымның бірінші кезеңінің ойыны - онда «Жетісу» матч барысында 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасай алды.

<span>Естеріңізге сала кетейік, «Шахтер» - «Жетісу» матчы сенбі, 21 қараша күні Алматының Орталық стадионыңда өтеді. Кездесу елорда уақытымен 18:00-де басталады.</span>

«Жетісу» - «Тараз»: қарсыластық тарихы

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или