«Қайрат» Қазақстан чемпионаты матчында «Бәйтеректі» жеңді

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 12-турында алматылық «Қайрат» елордалық «Бәйтеректі» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz. Қорытынды есеп - 6:1.
Бірінші тайм барысында «Бәйтерек» азулы қарсыласқа айтарлықтай қарсылық көрсетті., «Қайраттың» қақпасына бір гол соқты. Есепті Миралы Галиев тамаша соққымен ашты. Гол таймның аяқталуына 16 секунд қалғанда соғылды.
«Қайраттың» ойыншылары екінші таймды белсенді бастады және бір минуттан кейін есепті теңестірді. Біржан Оразов мергендік танытты. Есепті теңестірген алматылық клуб қарқынын үдете түсті, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Альберт Ақбалықов бір-бір гол соқты. Эдсон дубль авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или