Astana Open турнирі аяқталды. Қорытынды нәтижелер қандай

Astana Open турнирі аяқталды. Қорытынды нәтижелер қандай

Бүгін Нұр-Сұлтанда кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірі ATP 250 жарысы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Жүлде қоры $275,000 болатын ATP 250 «Astana Open» турнирі 2020 жылдың 25 қазаны мен 1 қараша аралығында өтті. Оған әлемдік рейтингте үздік жүздікке енетін 28 теннисші қатысты.

Турнирдің ақтық сынында франциялық Адриан Маннарино мен австралиялық Джон Миллман кездескен болатын. Екі сетке созылған кездесуде Миллман 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, АТР рейтингісінде 45-орында тұрған Джон Миллман Нұр-Сұлтандағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Өз жерімізде өтетін әлемдік сында Қазақстан ұлттық құрамасынның мүшелері - Александр Бублик (49), Михаил Кукушкин (88) және Дмитрий Попко (171) және Тимофей Скатов өнер көрсетті.

Бірақ біздің теннисшілер үздік нәтиже көрсете алмады. Александр Бублик пен Тимофей Скатов бірінші айналымда ұтылса, Михаил Кукушкин жарыстың ширек финалында финляндиялық қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, турнирді өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары шараларын ескере отырып, ойындар көрермендердің қатысуысыз және қатаң хаттама аясында өтті.

«Ролан Гаррос»: Надаль финалда Джоковичті жеңді

19 жасар Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирінің жаңа чемпионы атанды

Қазақстанда алғаш рет ATP 250 турнирі өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или