Талғарда пара садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді
29 қазан – 3 қараша аралығында Талғар қаласында Пара садақ ату спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді.
Жарысқа Халықаралық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ұлттық құраманың спортшылары қатысады. Соның ішінде 2016 жылғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Александр Медведев. Жарысқа шамамен 20 спортшы қатысады. Жарыс толық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.
Чемпионаттың нәтижесі бойынша, Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем Кубогы кезеңдеріне, Азия және Паралимпиадалық ойындарға қатысуға ҚР құрама командаларына үміткерлер іріктеледі.
Чемпионаттың бағдарламасы
|
29 қазан 14:00 |
Жарыстың салтанатты ашылуы |
|
30 қазан |
70+70 метров, 50+50 метров – ерлер және әйелдер |
|
31 қазан |
«Олимпиадалық айналым» жаттығуы финалға дейінгі жекелей біріншілік |
|
1 қараша |
«Олимпиадалық айналым» жаттығуы финалға дейінгі жекелей біріншілік |
|
2 қараша |
Командалық микс жарыс |
|
3 қараша |
Барлық санат бойынша финалдар Жарыстың салтанатты жабылуы |